Жолдау: Салық төлемегендердің есепшоты толық бұғатталмайтын болады

Dalanews 02 сент. 2024 14:37 3976

Енді қарызы бар салық төлеушілердің барлық есепшоты бұғатталмайтын болады. Берешекке белгілі бір шек қойылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында айтты. 

«Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеті туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеп әрекет етпей-ақ, өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін хабарлама жіберу арқылы көтеруге болады деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, салық берешегі шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс.

«Яғни, борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қойғанын талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет», - деді Президент.


Рекомендовать
Последние новости