Жыл басынан бері жетісулық дәрігерлерге 127 пәтер берілді

Dalanews 10 нояб. 2021 18:07 925

Алматы облысында дәрігер жетіспеушілігі мәселесін болдырмау үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, жыл басынан бері оларға 127 пәтер берілген, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады. Бұл жайында бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг кезінде айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімнің айтуынша, денсаулық сақтау саласында биылғы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынуда.

Облыс әкімі «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасының елді мекендерді көркейтуге тиігізіп отырған оң әсеріне де тоқталып өтті. Аталмыш бағдарлама аясында төрт ауылдық мәдениет үйі жөнделген, үш саябақ ашылған, Талдықорған, Үштөбе қалаларындағы скверлер абаттандырылған.

Рекомендовать
Последние новости