Жетісуда жыл аяғына дейін 18 ауылға газ тартылады

Dalanews 13 июн. 2023 11:12 908

Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенің  қазіргі кезде 22-сіне газ құбыры тартылды, 288 мың адам газға қол жеткізуге мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі 12 ауыл облыс құрылғаннан кейін газдандырылды. 2023 жылдың соңына дейін тағы 18 елді мекен газға қосылады.

Бұл жайында бүгін журналистерге брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

Облыс әкімнің айтуынша, Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылатын болады. Соның нәтижесінде 506,6 мыңнан астам тұрғын немесе жетісулықтардың 71,7% көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алады. 


– Осы мақсатта «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының ЖСҚ-сы дайындалуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 124 мың халқы бар тағы 66 елді мекенді газдандырамыз. Жобаның 2024-2028 жылдары іске асырылады, – деді Бейбіт Исабаев.

Рекомендовать
Последние новости