Жетісу облысында ақша жымқырған шенеунік сотталып кетті

Қаракөз Амантай 22 февр. 2024 11:02 2212

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған, - делінген прокуратура ақпаратында.

Бұл фактты арнайы прокурорлар анықтап,  тергеп-тексерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости