Жетісайдың балығы шетелге экспортталуда

Dalanews 16 сент. 2021 04:10 1399

Түркістан облысы, Жетісай ауданында балық шаруашылығы дамуда. Бүгінде Жетісайдың балығы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстан елдеріне экспортталып, кәсіпкерлер табыстарын арттырып келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақталы ауылдық округіне қарасты Шолпанқұдық деп аталатын шағын ғана ауылда орналасқан «Сүндет» шаруа қожалығы дөңмаңдай (толстолоб), амур, сазан сынды 1 млн 300 дана балық шабақтарын өндіріп, өсіруде.

Шабақтарға қажетті жемді Польша елінен алдырады.

Шекара асып келетін жемнің құрамында балықты түрлі ауру-сырқаудан сақтайтын және өсіп-жетілуіне қажетті барлық минералдар бар дейді мамандар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30%-ын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізіп келеді.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдаудан қалыс қалмаған өңірдің балық тауарын өндірушілері өнімдерін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстан елдеріне экспорттап, табыстарын арттырып келеді.

Бүгінде жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрған Түркістан облысында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл бар. Оның ішінде 88-і жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген.

Рекомендовать
Последние новости