Жетісайда жарты миллиард теңгені жымқырған есепшілерді тергеу басталды

Қаракөз Амантай 01 февр. 2024 15:19 3748


Түркістан облысының прокуратурасы “Жетісай ауданы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Тергеу барысында аудан есепшілері алдын ала келісім арқылы мұғалімдердің жалақысынан аса ірі мөлшерде қаржы жымқырып келгені анықталды. Олар бұл әрекеттерін 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырып келген.



“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығы анықталып жатыр. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды”, - делінген прокуратура хабарламасында.




Рекомендовать
Последние новости