Жетіжар ауылында – төтенше жағдай

Dalanews 20 сент. 2023 08:47 885

Абай облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылында төтенша жағдай режимі жарияланды. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауыл тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді. Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады. Төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды, – деп жазылған хабарламада.

Қазір Жетіжар ауылының кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ол жерден ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ жағдайдың себебін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.ьАбай облысының әкімдігі тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Мамандардың айтуынша, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немесе ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости