Жеті мың адамды "жоғалтып жіберген" диктатор

Dalanews 28 дек. 2017 06:37 913

Қауіп пен қатерге толы диктатордың өмірі. Досыңызға қарағанда дұшпаныңыз көп əркез. Тыныш ұйқыны дегенді ұмытасыз мұндайда.

 Кез-келген сəтте дүниенің астаң кестеңі шығуы мүмкін. Дұшпаныңыз дамылдамайды өйткені. Қастандық жасауы мүмкін. Бұл жүзеге аспаса төңкеріс ұйымдастыру мүмкін.

Атыңызды ластап, абыройыңызды былғауы мүмкін. Мақсаты ма? Мақсаты сізді тақтан тайдыру.
"Қойшы..." дерсіз.
"Диктатордың дұшпаны - демократия емес пе?

Демократияны ту еткендерді бесігінде тұншықтырады емес пе бұлар? Диктатуралы елде оппозиция жоқ", – деп қарсы уəж айтуыңызға да болады. 

Ол да рас. 

Əккі диктатор мұның бəріне əзір жүреді анығында.  Толқуға да, төңкеріске де дайын мұндай диктаторлар.

"Демократиялық реформа жүргізбедің", – деп қыңқылдаған АҚШ пен Батысқа да қолданар айласы бар. Айласы болмаса өмір бойы тағында тапжылмай отырмас еді,  тағында өлмес еді...

Əккі диктатор саяси оппозицияны тұншықтырудың сан түрлі амалын біледі. Талай рет сыннан өткерген. Тəжірибелеген.

Соның бірі қол астындағы қауымды, халықты таңның атысы күннің батысы қорқынышта ұстау. Үнемі үрейде өмір сүретін адам сіздің саяси оппонентіңіздің қатарына өтуге жүрегі дауаламайды.  Саяси қарсыластарыңыздың көзін қандай қанішерлікпен жойғаныңызды көрген ол. Көрген де түсінген...

Олардың оппозиция қатарына өтсем деген ой-құлқын сіз, мына сіз күл-талқан еткенсіз.
Жоқ, мұны сіз ойлап тапқан жоқсыз. Бұл диктатураның классикалық стилі. 

Шынымен солай. Диктатор үшін саяси қарсыласын жеңудің бір жолы – оны жер бетінен жоғалтып жіберу. Тып-типыл. Іс түссіз. Зым зия қылу...

Тура мағынасында айтып отырмыз. Латын Америкасындағы авторитарлы елдердің басшылары бұл тəсілді бертінге дейін пайдаланып келді.

"Біреуді жоқ қылуды немесе жоғалтып жіберуді" мұндағы диктаторлар үйреншікті дүниеге айналдырған. 

Өлі-тірісі белгісіз. Үйінен шыққан оралмаған...

1976-81 жылдардың арасында Аргентинаны билеп төстеген Рафаель Видела (суретте) 2012 жылы өзінің билігі тұсында 7000-8000 адамды "жоғалтып" жібергенін мойындайды. Өкінбейді бірақ.



 
"Жүйені сақтап қалудың жалғыз жолы осы еді.

Жұрт көзінен жасырдық. Ел дүрлікпеу үшін, сырт көз килікпеу үшін бұларды жоғалтып жіберуімізге (өлтіруімізге) тура келді" дейді ол.

Мұнысы бер жағы. Жоғалғандардың шиеттей балаларын ұрлап əкетіп бөтен отбасының бағып қағуына тапсырған әлгі диктатор. Мұндағы ойы ертең əлгі ұл ержеткенде əкесінің жолын, əкесінің кегін алмасын деген мақсат-тұғын...

(жалғасы бар)

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ 




Картинки по запросу Рафаель Видела


Рекомендовать
Последние новости