Жер сілкінісінен зақымданған оқу ордалары жөндеуден өтпек

Dalanews 13 мая 2024 15:13 2299

Алматы облысында Сейсмикалық белсенділіктен зардап шеккен мектептер мен колледжде күрделі жөндеу жүргізіледі,-деп хабарлайды Dalanews.kz

Сейсмикалық белсенділіктің нәтижесінде 2024 жылдың ақпанында  облыстың 8 мектебі мен 1 колледжінде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі зақымданулар, соның ішінде қабырғадағы жарықтар мен іргетастың ішінара бұзылуы тіркелді.

Атап айтсақ,  Іле ауданы Түймебаев ауылында №20, Боралдай ауылында №40 орта мектептер, Еңбекшіқазақ ауданы Қаипов ауылы Қазақстан орта мектебі, Жамбыл ауданы Еңбекшіарал орта мектебі, Қайназар №2 орта мектебі, Ұйғыр ауданы  Хамраев атындағы, Шырын, Дардамты орта мектептері, Шонжы политехникалық колледжінің шеберханасы.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккен білім беру объектілері үшін техникалық қорытындылар мен жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда, олардың негізінде күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Жөндеу жұмыстарын қаржыландыру төтенше жағдайларға арналған резерв қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


Рекомендовать
Последние новости