Жер сілкінісінен кейін жер үй жалға алатындар көбейген

Dalanews 25 янв. 2024 09:06 1535



Алматыда болған жер сілкінісі көпшіліктің үрейін ұшырды. Тіпті көпқабатты үйлерде тұратындар төтенше жағдай кезінде қауіпті екенін сезіне түскен секілді. krisha.kz деректеріне сүйенсек, осы жағдайдан кейін жер үй жалға алатындар көбейген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірақ бұл бағаға әсер етеепті. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша нарықта басқа өзгеріс жоқ. Пәтер сататындардың саны артпаған, халық жаппай Астанаға ағылып жатқаны да байқалмаған.

"Қысқа мерзімге жалға берілетін үй, саяжай алатындар көбейді. Жер сілкінгеннен кейінгі бір тәулікте сұраныс төрт есе артты. Бұл - ұзаққа созылмайтын құбылыс. Ұзақ уақытқа үй жалға алатындар аса көп емес, дегенмен сұраныс екі есе артты", - деп жазылған мәліметте.


Халық жеке үйлерге неге қызыққаны түсінікті, жер сілкінгенде үрейі ұшқан біраз адам бұдан да қатты апат бола ма деп қорықты.

"Алматыда үйді жалға алудың орташа бағасы тәулігіне 100 000 теңге. Мұндай үйлер негізінен сауық кешін өткізуге, мереке тойлауға арналған.  Қазір ең төмен баға мына шамада:

  • 2 бөлмелі саяжай 10 000 теңге;

  • 3 бөлмелі жер үй 25 000 теңге;

  • 4 бөлмелі үй 35 000 теңге.


Сатылатын үйлерге келер болсақ, мұнда жағдай қалыпты. Баға да тұрақты", - деп жазылған мәліметте.

Алматыда жер үйдің орташа бағасы 40 миллион теңге болады екен.

Сурет: elements.envato.com


Рекомендовать
Последние новости