Жер дауы: Құл-Мұхаммед қалай орағытты?

Dalanews 21 мая 2016 14:32 1012


Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамед "жерді жеке меншікке беру қазақ үшін жаңалық емес" деп мәлімдеді.






Мұхтар Абрарұлының айтуынша, Конституцияның 6-бабында жер жеке меншікте де, мемлекет меншігінде де болуы керек деп жазылған.

Сондықтан, кез келген шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші жоқ.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

— Елбасы не үшін мораторий жариялап отыр. Талқылап отырған заң жобасында шикіліктер көп. Соның бірі – Қазақстан азаматтарына жерді жеке меншікке сату. Бірақ жалға беруге болмайды дейді. Осы уақытқа дейінгі қолданылып отырған кодексте жалға беру де болған. Жеке меншікке беру де болған. Ал енді жалға бермейтін болсақ, қазір Қазақстан азаматтары «шетелдікке жалға беруге болады» дейді. «Қазақстандыққа жалға беруге болмайды» дейді. Сатып алуға болады дейді. Сондықтан қазақстандықтар үшін жалға берілуі керек, сатылуы да керек. Өйткені біреудің ақшасы бар. Екіншісінде жоқ.

Дереккөз: jerturaly.kz




Рекомендовать
Последние новости