Желіде Бишімбаев сот залынан шыққан сурет тарады

Сағыныш Сардарова 11 мар. 2024 21:00 15856

Telegram-арналарда Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деген айып тағылған Қуандық Бишімбаев сот залынан шыққан сәттің суреті мен видеосы тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінгі алдын-ала тыңдау барысында айыптау актісіне сәйкес маңызды ақпараттар айтылды.

QOS live Telegram-арнасы

Сот тыңдауы барысында прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевқа қатысты айыптау актісін оқыды. Ол экс-министр мен Нүкенованың арасында ресми неке болмағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, айыптаушы тарап Бишімбаев марқұмның телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді еткенін айтады. Прокурордың сөзінше, ол қызғаныштан жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Прокурордың мәліметінше, 2023 жылы наурыздың ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы ұрған. Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірген, бірақ ол бас тартқан.

2023 жылы жазда Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келісіпті.

2023 жылғы 8 қарашада Бишімбаев пен Нүкенова концертке барған. Онда "кішігірім себеппен" жанжал басталған.

"Концертте болған Бишімбаев бос сылтаумен Нүкеновамен жанжалдаса бастаған. Концерт аяқталғанын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, жаяу Бао мейрамханасына бағыт алған.

Мейрамханада алкоголь ішу барысында жанжал жалғаса берген. Нүкенова Бишімбаевқа бұл қарым-қатынастан шаршағанын және одан кетуге шешім қабылдағанын айтқан. Сондай-ақ, Нүкенова ағасына қонуға барытын жазып, такси шақыруға тырысқан", - деді прокурор.

Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басына қатты соққы берген. Кейін ол әйелді аяғымен тепкілей бастаған. Салтанат Нүкенова бөлмелердің біріне тығылмақ болған, бірақ Бишімбаев есікті сындырып, оны қайта ұра бастаған.

"Сол күні түнгі сағат 2-де VIP-залда олардың арасында Бишімбаевтың қызғанышына байланысты жанжал туындаған", - делінген айыптау актісі мәліметтерінде.

Прокурор Бишімбаев мас күйде физикалық артықшылығын пайдаланып, Нүкенованың басына қатты соққы бергенін, кейін күзгі аяқ киімімен қызды тебе бастағанын айтты.

"Ол бірнеше рет есін жиды, бірақ Бишімбаев оны қайтыс болғанға дейін ұрып-соға берген", - деді прокурор.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.


Рекомендовать
Последние новости