Жедел жәрдем бригадасын шақырған ақтаулық тұрғын айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 18 окт. 2024 16:28 8304

Жедел жәрдем бригадасын жалған ақпаратпен әзілдеп шақырған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі жағдайды баяндап берді.

Оқиға 14 қазанда болған. "103" пультіне көп дәрі-дәрмек қабылдағанын айтқан Ақтау қаласының тұрғынынан шақырту келген.

“Жедел жәрдем барған кезде тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын жеткізді”, – деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Рекомендовать
Последние новости