Жат ағымдармен күресу үшін терең білім қажет

Dalanews 21 окт. 2017 10:54 825

Алматы облысында ақпараттық жұмыстар жүргізген арнайы топтың құрамында болған «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Серік Тәжібаев осылай дейді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына, сондай-ақ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық «Орбита-3»- мешітінің наиб-имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы белсенді атсалысты.

Халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараға облыстағы қалалар мен аудандардың тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ өкілдері, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

Әсіресе, түзету мекемелеріндегі сотталғандар, оның ішінде, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Талдықорған қаласы және Заречный елдімекеніндегі түзету мекемесінде отырған азаматтармен кездесіп, әңгімелесті.

«Лаңкестік пен содырлық сорақы әрекеттерге апарып соқтыратын қате әрекеттерден қорғанудың бірден-бір жолы - ғылым мен білімді терең игеру. Ата-бабамыз асыл мұра ретінде қалдырған бейбіт заман мен бай дәстүрді, кең-байтақ елді сақтап, көркейте түсуге, жастарға, алғашқы кезекте діни түсініктің өте сауатты болуы, өзге де өмір салаларын жан-жақты меңгеруі көмектесетіні даусыз», - деп пікірін білдірді Серік Тәжібаев.

Ол, осымен бірге, ғаламтор арқылы таратылатын жалған ақпараттарға лайықты тосқауыл қоюда ата-аналар қауымының компьютерге жиі жақындаудан қашпауы керектігін атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости