"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы: Қазақстан ауа сапасын жақсартуға мүдделі

Dalanews 11 авг. 2022 08:32 1159

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасының төңірегінде пікірталас көп. Смайылов үкіметі 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламаның аясында еліміздегі экоахуалды жақсартуға мүдделі. 

Бағдарламаның негізгі бағыттары жобаның атауына сай әзірленген. Соның ішінде: қоқысты сорттау, қауіпті қалдықтардың жерге сіңуіне жол бермеу, ауаның сапасын жақсартып, су ресурсын үнемдеудің алгортимдерін әзірлеу. Тұтастай алғанда, Жаңа Қазақстанға аса қажетті экологиялық мәдениет пен экологиялық сананы қалыптастыру.

Ұлттық жобаға бөлінген қаржы да қомақты. 2025 жылға дейін жалпы құны 1 млрд 412 млн теңге игерілуі тиіс. Тек биылғы өзінде "Жасыл Қазақстанның" қағидаларын жүзеге асыруға 146 млн теңге бағытталыпты. Келесі жылы бұл сома 240 млн теңгеге дейін өспек.

Смайылов Үкіметінің мәліметі бойынша, ұлттық жобаға бөлінген қаржы дұрыс игеріліп, бағдарлама аясында көзделген бастамалар толық жүзеге асса, бұл экономикаға да оң әсер етеді.

"Жасыл Қазақстанның" мақсаты толық орындалар болса, 2025 жылға дейін 60 мыңнан аса жұмыс орны құрылады.

Мәжілісте осы жобаның жүзеге асуын жіті бақылайтын Экология мәселесі және табиғатты пайдалану комитеті бар. Комитет мүшесі Елдос Абақанұлының айтуынша "Жасыл Қазақстанның" өзіне дейінгі жобалардан орны бөлек.

"Ұлттық жобаны нақты индикаторлар бойынша бағалай аламыз. "Жасыл Қазақстанды" әзірлеген тұста көпшілікті толғандырған мәселелерді қамтуға тырыстық. Соның негізінде экологиялық қауіпсіздік концепциясы әзірленді. Бұл концепциясының бір ерекшелігі "Жасыл Қазақстанның" көмегімен жасыл экономикаға көшуде көздеп отырмыз.

Халықтың алаңдатқан мәселенің бірі - ауа тазалығы. Ұлттық жоба аясында 22 қаладағы ауа сапасын жақсарту көзделген. Қоқыс мәселесі де актуалды тақырыпты бірі. Елімізде экологиялық мониторинг жүргізу ісі ақсап тұр. "Жасыл Қазақстанның" көмегімен осы олқылықты түзеуге тырысу қажет. Ауаның сапасын жақсарту экопосттардың санын көбейту маңызды, сол арқылы ауадағы улы газдардың көлемін анықтаймыз. 


Әлбетте, бұл проблеманы толық шешпейді. Ауаның сапасын жақсарту үшін президент Тоқаев міндеттеген 2 млрд түп тал отырғызуды жеделдету қажет. Бұл да ұлттық жобаның приоритетінің бірі", – дейді халық қалаулысы.

Бұған дейін Dalanews.kz еліміздегі қоқыс мәселесін сөз етіп, оны шешудің жолдарын ұсынған болатын.

"Қоғамда қоқыс сорттайтын мәдениет қалыптастырған маңызды. Бұл әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіндегі дүние.  Бұл тұрғыда Швеция, Норвегия секілді мемлекеттерге үлгі алуымызға болады. Айталық, шведтерде пластик бөтелкелерді қабылдайтын және соның ақысын төлейтін арнайы құрылғылар бар. Бұл тұрғындардың қоқысты сорттап, пластик бұйымдарды өткізуге деген ықыласын оятады. Бұндай тәжірибені Қазақстанға да ендіру қажет”, – деген болатын экобелсенді Айман Сексенқызы.

Рекомендовать
Последние новости