«Жасыл» аймақта тұрған Түркістан облысында 745 мыңнан астам адам екпе қабылдады

Dalanews 02 сент. 2021 08:46 823

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 56 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0.43%-ды құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 3600 орын бар, 2559 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 12 960 жағдайы тіркелді.

Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген. І-компонентпен 745 301 адам немесе 96%, ІІ-компонентпен – 606 474 адам немесе 80% егілген. Кейінгі тәулікте 6154 адам екпе салдыруға ниет білдірген.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Рекомендовать
Последние новости