"Жәрдем" медициналық пойызы еліміздің өңірлерін аралап, жолға шығады

Жарбол Кентұлы 09 апр. 2024 22:40 4253

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева «Медициналық пойыздар» жобасы бойынша жауапкершілікті күшейту мен байланысты нығайту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.


- Құжатта қос жақтың жауапкершілігін нығайту, ынтымақтастық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету сияқты мәселелер қаралған. Өткен жылы медпойыз 121 станцияны араласа, биыл ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен 140 шалғай елдімекендегі азаматтарға тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетіледі, – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.


Осылайша министрлік құрамды білікті мамандармен, талапқа сай құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, оларды тұрақты түрде назарында ұстаса, қор жалпы жобаны, пойыздың үздіксіз қатынауын үйлестіріп, Ұлттық комиссия ұсынысымен заңгерлер жұмысын қарастырады.


Алдағы уақытта «Жәрдем» медициналық пойызы арқылы 20 сәуірден желтоқсан айына дейін 90 мың ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін ақысыз алады деп күтілуде.

 


Рекомендовать
Последние новости