Жантүршігерлік жол апаты: автобус пен «Гелендваген» соқтығысты (фото, видео)

Dalanews 11 мая 2017 09:21 956

Алматыда қоғамдық көлік пен Mercedes-Benz G-класс соғысып, 15 адам зардап шекті, — деп хабарлайды «СТВ» телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасы.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған.

[video width="360" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/05/Жуткое-ДТП-в-Алматы-автобус-въехал-в-Гелендваген-и-врезался-в-столб-пострадали-15-человек.mp4"][/video]

Соқтығыс салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

[video width="288" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/05/Жуткое-ДТП-в-Алматы-автобус-въехал-в-Гелендваген-и-врезался-в-столб-пострадали-15-человек-1.mp4"][/video]











Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Рекомендовать
Последние новости