Жансейіт Түймебаев сарыағаштық тұрғындармен кездесті

Dalanews 21 мар. 2018 09:52 838

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданы Абай елдімекенінде болып, ел ағаларымен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Басқосуда өңір басшысы Наурыз – татулыққа бастайтын мейрам екенін айта келе, тұрғындарды ынтымақпен бірлесе еңбек етуге шақырды.



– Мемлекет ретінде қалыптасып, Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасыр ғана болған бізге татулық пен ынтымақ өте қажет. Сарыағаш шекаралық аймақта орналасқан стратегиялық аудан. Мұндағы халықтың өсімі өте жоғары. Сондықтан да елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Елбасымыздың қолдауымен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мұның бәріне елдегі тұрақтылық пен бірліктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Осы жетістіктерімізді ел ағалары мен тұрғындары қолдап, қуаттап отырса, бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз мол, – деді Жансейіт Қансейітұлы.



Сондай-ақ, облыс әкімі кездесу барысында Абай ауылында орын алған оқиғаға да тоқталды. Бұл мәселемен тиісті құзырлы органдардың айналысып жатқанын айта келе, болшақта мұндай жағдайлардың орын алмауы үшін ел ағалары, ауыл билері бірігіп жүйелі түрде жұмыс істеу керектінін мәлімдеді.

Кездесуде сөз алған ауыл биі М.Ілесбеков ел ішіндегі түрлі мәселелердің дер кезінде шешілуіне барлығының да мүдделі болып, жұмылу қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында облыс басшысы сарыағаштық тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елімізде тыныштық пен берекенің салтанат құруын тіледі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости