Жәнібек Қожық: "Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың шөп тасыған шығынын өтеп берсін!"

Dalanews 15 июл. 2021 02:57 1218

Белгілі қоғам белсендісі Жәнібек Қожық қауаңшылықтан зардап шеккен аудандарға өз еріктерімен мал азығын жөнелтіп жатқан шаруаларға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау көрсетуі керек екенін айтты, , – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ауыл шаруашылығы министрлігі маңғыстаулық шаруаларға шөп тасу шығынын өтеп беру керек! Халыққа бос сөз керегі жоқ. Нақты іс керек! Қуаңшылыққа қатысты Маңғыстау облысында төтенше жағдай жариялау қажет! – деп жазды қоғам белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына. Бұдан кейін ол ойын былаша сабақтады.

– Құрмет дейтін азамат сіздер сияқты ойланып жатқан жоқ. Нақты іске көшті. Бүгін Шетпеге шөптің алғашқы вагоны келеді. Тегін келеді. Ең бірінші жағдайы жоқтарға бөліп бермекші. Міне нақты іс. Оның қолында қаржысы, тіпті билігі жоқ. Ал, сіздердің қолдарыңызда билік бар. Триллиондаған қаржы бар. Сондықтан нақты іс керек!

Рекомендовать
Последние новости