Жаңғырмалы энергетика саласы Жетісуда жұмыс орындарын құруға септесуде

Dalanews 03 мар. 2021 05:57 1108

Халықты жұмыспен қамту қашанда өзекті мәселе. Аталған бағытта, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының бастамасымен 12 орындық жұмыс орны ашылатын, «Mistral Energy»  күн электр станциясы іске қосылады.

«Universal Energy» компаниясының  қатысуымен Алматы облысының Іле ауданында күн электр станциясын салу жоспарланып  отыр.

Электр станциясының жобалық құны 13  млрд теңге,  ал қуаттылығы  50 МВт құрайды. 


Жобаны іске қосу, өңірдің энергетикалық әлеуетін дамытып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, заманауи технологияларын енгізуге үлес қосады. Станцияны қолданысқа беру ағымдағы жылдың 2 сәуіріне жоспарланған.

Еске саламыз, «Mistral Energy» ЖШС 2018 жылы құрылған. Компания қызметінің негізгі түрі-электр энергиясын өндіру. «Universal Energy» компаниясы "жасыл" энергия жобаларын инвестициялауға, дамытуға, салуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге мамандандырылған.

 Анар САБЫРОВА, Алматы облысы. 

Рекомендовать
Последние новости