Жанармайсыз жүретін көлік

Dalanews 27 июн. 2015 11:55 1437

Бүгінде автоөндірушілер жанармайды аз жұмсайтын көлікті құрастыруға күш салып келе жатқаны белгілі. Осы ретте Zero Pollution Motors компаниясының инженері Гай Негре суық ауа қысымымен жүретін көліктің жаңа түрін ойлап тапты.

Суық ауаның қысымымен жүретін AIRPod деп аталатын көліктерін өнертапқыш алдағы уақытта АҚШ аумағында көптеп шығарып, саудалауға рұқсат алғанын айта кетуіміз керек. Бензинді қажет етпейтін көліктің өндірісі жолға қойылса, оның бағасы 10 мың доллардан аспайды деп болжануда. AIRPod-тың салмағы 275 келі, тас жолда сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүйткитін мүмкіндікке ие. Бір рет толтырылған ауа қысымымен 130 шақырым қашықтықты еңсеруге болады. Суық ауа қысым қозғалтқыштың цилиндрлі поршендерінде қызып, атмосфера қысымын 300 есеге арттырып, көліктің жүруіне мүмкіндік туғызады. Көлікті суық ауа қысымымен бар болғаны 3 минуттың ішінде қуаттандыруға болады. Алғашқы көліктер биыл АҚШ-та саудалана бастайды деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости