Жаңақала ауданында медициналық оңалту саласы қарқынды дамуда

Жарбол Кентұлы 26 июл. 2025 18:17

Халық денсаулығы – мемлекетіміздің басты байлығы. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында оңалту қызметі жаңа серпінмен дамып келеді.

Осы бағыттағы ілкімді істердің бірі – 2009 жылдың 29 қарашасында ашылған «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының қызметі. 15 жыл ішінде орталық 27 784 тұрғынға медициналық оңалту көмегін көрсетіп, ел алғысына бөленіп отыр.

Орталық ересектерге арналған III кезеңдегі қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметін ұсынады.

Қызмет түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №116 және №65 бұйрықтарына сәйкес неврологиялық, кардиологиялық және травматологиялық бағыттарда жүргізіледі.

Бүгінде аталмыш орталық – облыс халқының сауығуына ықпал ететін маңызды медициналық мекемелердің бірі.

Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


Рекомендовать
Последние новости