Жаңаөзенде дәрігер ауруханада пышақ жарақатын алып, көз жұмды

Сағыныш Сардарова 29 янв. 2026 10:34

Маңғыстау облысында дәрігер ауруханада пышақ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам қайтыс болған.

"Адам өлтіру дерегі бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туған", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған.

Бұл дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық зерттеуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove