Жаңадан салынған тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы қымбаттап жатыр

Кәмшат Тілеухан 12 мая 2025 15:55 207

Сәуір айында Алматыда жаңадан салынған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бағасы 3,4%-ға өсті, бұл - 2023 жылдың қыркүйегінен бері тіркелген ең жоғары қарқын. Бұл сегменттегі бағаның өсімі осымен сегізінші ай қатарынан жүріп жатыр. Ал онымен салыстырғанда Астанада жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бағасының өсу қарқыны төмен (+2,5%), бірақ бағаның ұзағырақ сақталуы тұрғысында рекорд жаңарды.  Ұлттық статистикалық бюро мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Data Hub осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Астанада ай сайын өзгеретін баға жағдайы соңғы рет 2022 жылдың күзінде тіркелген. Егер бағаны жыл басымен салыстыратын болсақ, қазір Алматыда +7,8%, Астанада +4,4% өсім байқалады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, жаңадан салынған тұрғын үй кешендерінің көптеп қолданысқа берілуі жағынан екі қала алда қатар келеді.

Екінші нарықтағы жағдай қалай?

"Алматыда наурыздағы өсімнен кейін  баға, әзірге бірқалыпты тұр, бірақ аздаған өзгерістер байқалады (+2,3%, сегменттегі баға өсімі төртінші ай қатарынан тіркелді). Есесіне, Астанада бағалар біршама төмендеді, яғни наурыз айымен салыстырғанда - 0,2%, осылайша бес ай бойғы өсімнен кейін баға "ентігін" басты. Жыл басынан бері Алматыда коммерциялық нарықтағы (ескі үйлер) баға да қымбаттады: +10,4%, ал  Астанада: +2,2%", деп нақтылайды Data Hub.

Бұған дейін "Келешек" бағдарламасы бойынша бастапқы капитал - 235 мың теңгені қалай алуға болатынын жазғанбыз.


Рекомендовать
Последние новости