Жаңа заң: Қазақстанда жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды

Dalanews 24 янв. 2024 05:48 968

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Осы тұста “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Құжатта мынадай іс-шаралар қарастырылған:




  • радиожиілік спекторын қайта қарау,

  • байланыс инфрақұрылымы үшін орындарды бас жоспарға енгізу;

  • виртуалды байланыс операторларының құқықтық мәртебесін енгізу;

  • байланыс желілері мен құрылыстарын орналастыру орындарына операторлардың тең дәрежеде қол жеткізуін заңнамалық бекіту;

  • ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарында байланыс қызметтерін субсидиялау;

  • автокөлік жолдарында талшықты-оптикалық байланыс желілерін қамтамасыз етуді міндеттеу;

  • геостанционарлық емес байланыс спутниктерінің жұмысын реттеу;

  • жергілікті атқарушы органдарға байланыс инфрақұрылымын құру саласында қосымша құзырет беру.


Заң жобасында салалық шешімдерді цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар енгізілген. Мәселен, жаңа туған нәрестеге ЖСН бекіту және басқа да іс-қимылдар ескерілген. Таратылған мәліметке қарағанда, жеке деректерді жоғалту қаупін болдырмау үшін, бала туғаннан кейін бірден, яғни алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылды.



Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң жобасы қабылданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдейді.


Сонымен қатар байланыс қызметтерінің сапасы жақсарып, қамту аймақтарының кеңейетінін атап өтті.


“Байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамытылады. Қала берді жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды”, - деді Екатерина Смышляева.


Рекомендовать
Последние новости