“Жаңа Қазақстан үшін ол оңай нысанаға айналып отыр”: Танымал журналист Құлыбаевқа араша түсті

Қаракөз Амантай 08 авг. 2024 16:34 3108

Белгілі журналист Гүлнәр Бәжкенова активтерді қайтару комитеті қазақстандық олигарх, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың ізіне түсіп алғанын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, комитет әулет өкілдерінің ішінде Құлыбаевқа айрықша шүйлігіп алған.

"Активтерді қайтару комитетінің Құлыбаевқа не себепті өшігіп алғаны түсінікті шығар. Назарбаев әулетіне берілген кепілдіктер Тимурға таралмайды. Дәл қазір ол отбасындағы ең осал тұлға. Билік тарапынан оған ешқандай гарантия берілмеген...", - дейді журналист.

Бәжкенованың сөзінше, Құлыбаев осы күнге дейін ешбір саяси ойындарға араласпаған және Қаңтар оқиғасы кезінде де өзінің бет-жүзін сақтап қалған, сол бір алмағайып уақытта абыройлы әрі ақылды әрекет еткен.

"Тимурға ешкім араша түспейді. Оның қорғаушысы жоқ. Путин де немесе басқа да ықпалды тұлғалар оның сөзін сөйлемейді. Жаңа Қазақстан үшін ол оңай нысанаға айналып отыр. Ескі Қазақстанның орнын басқандар Құлыбаевтың активтеріне қызығушылық танытуда. Мұндай жағдайда Құлыбаеватың жалғыз мүмкіндігі – заңға жүгіну", - дейді Бәжкенова.

Сонымен қатар журналист активтерді қайтару мәселесінде сот істерінің құпия түрде жүргізіліп жатқанына наразылық білдірді. Оның пікірінше, Құлыбаевқа сот істерінің ашық өткені тиімді, ал оның активтеріне көз алартқандар мұндай процесстердің жабық болғанын қалайды.

"Құпия актитер құпия қалтаға өтеді. Бар мәселе осында", - дейді Бәжкенова.


Рекомендовать
Последние новости