Жаңа «Крузак» саудаға шықты

Dalanews 05 нояб. 2017 06:57 966

Toyota компаниясының еліміздегі ресми өкілдері жаңа Land Cruiser 200 Excalibur жол талғамайтын көлігін Қазақстан нарығында сатылымға шығарды.



Жаңа Land Cruiser 200 Excalibur артықшылығын ауызбен жеткізіп айта алмайсың. Бірінші кезекте жаңа көліктің бамперінің жаңа дизайнмен шығуы бірден көзге түседі.

Сонымен қатар Land Cruiser 200 Excalibur көлігінің сыртқы жабдықтары "сұр хроммен" жасалынуы да, оның тартымдылығын арттыра түскенін байқадық. Қазақстан нарығынан жаңа көліктің Exсlusive Black және Exсlusive White комплектациясымен жабдықталған түрлері саудаға шығарылған.

Сол сияқты көліктің салонын жасауда жоғары сапалы Semi-aniline терісімен жабдықтағанын айта кетуіміз керек.

Жапондар Қазақстандағы қатал қысы мен аптап ыстығына төтеп беретін түрлерін саудаға шығарыпты. Көлікке орнатылған V8 қозғалтқышы күші 4,6 литерге бензинге тең келеді. Айтпақшы, ресми диллерлерден бензин мен дизел отымен жүретін Land Cruiser 200 Excalibur сатып алуға болады.

 



 

 

https://dalanews.kz/22923

Рекомендовать
Последние новости