Жамантай Бейсенбаев: «Ауданды екіге бөлу барлық жағынан тиімді болды»

Dalanews 14 дек. 2018 01:49 1033

Жыл басында Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, Жетісай ауданы құрылып, өз алдына енші алып шыққаны белгілі. Осы тарихи сәттің басы-қасында жүріп қана қоймай, жаңадан құрылған ауданның тізігіндеп отырған Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев жарқын оқиғаларға толы аралықта қандай өзгерістер орын алып, оны халықтың қалай қабылдағанын аудан әкімі әңгімелеп берді.

Елбасының Жарылығы шыққанан кейін аудан бөлінгеннен кейін халықты маңызды құжатпен таныстыру үшін Мақтаарал ауданындағы орталық стадионға жиналған халықтың қарасы көп болғаны есімізде. Бұ оқиға Ораза айынына дөп келсе де сол кезде ат шаптырым стадионға 9 мыңға жуық адам жиналған болатын. Осы бір жайттан-ақ ауданның бөлініп, кеңейгеніне халық дән риза.

– Ауданды екіге бөлу барлық жағынан тиімді болды. Екі әкім болса, ауылына жақын, халықпен, тұрғындардың мәселесі бойынша жиірек жолығып тұруға мүмкіндік туды. Оның үстіне қаншама мамандар базарда отыр, жұмыс таппай жүр, соларға жұмыс орындары ашылды. Бұрындары әкімдікке қарасты 12 бөлім болатын болса, қазір екі ауданда 24-ке жетіп отыр. 24 бөлімнің бастығы бар, қызметкерлері бар дегендей. Аудан ықшамдалғаннан кейін басқаруға да оңай болады. Халықтың да келіп кетуіне ыңғайлы. Көптеген мамандар өздерінің мүмкіндіктерін, қабілеттерін көрсете алмай жүрсе, енді басшылық орындарға келіп, өздерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сырттан бір де бір маман тартқан жоқпыз. Осы өңірдің, бұрынғы Мақтаарал ауданы әкімдігінің қызметкерлерін екіге бөлдік те қойдық. Бюджетті де екіге бөлдік. Жаңа жылдан бастап бізге жаңа штат береді. Ол штатқа сәйкес қосымша бюджетін береді. Сол бойынша ары қарай жұмыс істейміз, – деді

Қазіргі таңда екі ауданды қосқанда 182 елдімекеннің 113-і – Жетісайға қараса, қалғаны Мақтаарал ауданына қарайды. Жетісай ауданындағы халықтың саны – 173 мыңды құрап отыр. Мақтаарал ауданында 131 мың халық бар.

Рекомендовать
Последние новости