Жәкішев бостандыққа шықты

Dalanews 03 мар. 2020 05:55 917

Семейде "ҚазАтомӨндірістің" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босату бойынша сот отырысы өтті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сот Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты түрде босатты.


Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Информбюроға” берген сұхбатында Жәкішев ісіндегі сот шешімі әділ болады деп айтқан еді.

Айта кетелік бүгін Семейде “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты соты отырысы өтті.

Сот отырысында Жәкішев болмады, ол түрмеден видеобайланысқа шықты.

"Бұл – шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға берілген өтініш бойынша қаралып жатқан үшінші сот ісі. Бұл шешімді қарастырып жатқан сот биліктің маңызды тармағы және қоғамның өкілі деп санаймын … (..) Мені қолдауға келген көп адамдарды көріп тұрмын.

Осы адамдарға және елімнің жалпы қолдауына сүйене отырып, сіз өз сұрақтарыңызға (сотталушының қауіптілігі туралы – ред.) жауап ала аласыз деп ойлаймын.

Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім – Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар маған қолданылса деймін", – деген еді Мұхтар Жәкішев.

Рекомендовать
Последние новости