Істі абайсызда кісі өлтіру бабымен саралауды сұраймыз - Бишімбаевтың адвокаты

Азамат Қойшығара 11 мар. 2024 17:42 2818

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары соттан қылмыстық істі абайсызда кісі өлтіру бабымен қайта саралауды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғаушы тараптың пайымынша, тергеу шаралары оқиғалардың хронологиясын бұзуға ықпал еткен. Нақтылай айтқанда,жүйелі түрде ұрып-соғу фактілері дәлелденбеген.Сонымен қатар олар Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың ұрыстары туралы хабарламағаны үшін жәбірленушінің достарын қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.

"Біз сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды және "қатігездікпен өлтіру" бабын "абайсызда кісі өлтіру" бабымен қайта саралауды сұраймыз. Ол бап бойынша айыпталушы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - дейді қорғаушы тарап.

Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау болып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости