IPhone12 смартфонын ұтқыңыз келе ме?

Dalanews 14 дек. 2020 07:46 1008

Бүгінде қолма-қол ақшаны әмиянда сақтау немесе жасаған саудаңыз үшін қолма-қол ақшамен есептесу өткен шақтың әңгімесіне айналып барады. Бәріміз банк картасымен төлем жасап, қашықтан банктің мобильді қызметін қолданып, еркін, 24/7 режимде, әлемнің кез келген жерінде жүріп, ақша қаражатын аудару қызметін рахаттанып қолданудамыз. Halyk Bank болса, дәл осы қызметтерді клиенттерге тегін ұсынып қана қоймай, мобильді қосымшаны қолданушылар арасында әр апта сайын IPhone 12 смартфонын ойнатып, онлайн төлемді одан сайын жандандыра түсті.

Бүгіннен бастап ұтысқа қатысып, IPhone 12  арманға айналған смартфонын ұтып алыңыз. Ол үшін Homebank қосымшасында қызметтер үшін төлемдер, яғни коммуналдық төлем, ұялы байланыс нөмірінің теңгерімін толықтыру, салық, айыппұл сынды кез келген төлемнің бірін жасау немесе Homebank қосымшасында мобильді нөмір бойынша ақша қаражатын аудару жеткілікті. Ал ұтыстың жеңімпазын әр апта сайын банктің желідегі ресми парақшасында, тікелелей эфирде, кездейсоқ сандарды таңдау тәсілімен анықтайды.

Қазіргі уақытта атаулы науқан бойынша 6 жеңімпаз анықталды. Алда тағы 6 апта бойы, 6 дана IPhone 12 смартфонының иесін анықтайды. Қапы қалмаңыздар!


Halyk Bank клиенті болып, ұтысқа қатысыңыз. Homebank қосымшасына тіркелу оп-оңай. Ол үшін:

  1. Android немесе iOS смартфондары үшін қосымшаны жүктеп алыңыз

  2. «Тіркелу» батырмасын басып, экрандағы жеңіл нұсқаулықты пайдаланыңыз:


- Өз ЖСН және телефон нөміріңізді енгізіңіз

- SMS арқылы келген кодты енгізіңіз

- Пароль орнатыңыз

- Бейнетексеруден өтіңіз

Бар болғаны осы. Енді Homebank қосымшасында кез келген төлем жасап, мобильді нөмір бойынша ақша қаражатын аударып, апта сайын IPhone 12  ұтысына қатысыңыз. Сізге сәттілік тілейміз!

Рекомендовать
Последние новости