Jetour Ecocrew экологиялық қозғалысының қатысушылары Іле өзенінің жағасын тазалау бойынша көшпелі акция ұйымдастырды. Сенбіліктің нәтижесінде 50-ден астам қап қоқыс жиналып, олар әрі қарай өңдеуге жіберу үшін Қоқыс сұрыптау кешеніне жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Акцияға Jetour T2 жол талғамайтын көліктерінің иелері, соның ішінде пікір көшбасшылары Руслан Ибрагимов пен Руслан Мұқанов, сондай-ақ қазақстандық Allur автомобильдік тобына кіретін Jetour Qazaqstan дистрибьюторлық компаниясының қызметкерлері қатысты.
Шара басталар алдында қатысушыларға қауіпсіздік техникасы және қоқысты бөлек жинау негіздері бойынша нұсқаулық берілді. Ұйымдастырушылар қажетті құрал-жабдықпен – қолғаптармен, қаптармен және тазалау аймақтарының белгіленген сызбасымен қамтамасыз етті. Негізгі назар демалушылар жиі баратын ең ластанған аумақтарға аударылды.
"Біздің отбасымыз саяхаттағанды жақсы көреді, сондықтан осындай жол талғамайтын көлікті таңдадық – ол Қазақстанның әсем табиғатын өз бетіңше ашуға мүмкіндік береді. Біз сияқты адамдар көп, сондықтан әркім өз демалысына жауапты болып, табиғатты бар болмысымен сақтауға тырысса дейміз. Сонда болашақ ұрпақ та одан ләззат ала алады", — деді акцияға қатысушы, Jetour T2 иесі Аман.
"Көп адамның кішкентай қадамы үлкен нәтиже береді: бірге біз сүйікті орындарымыздың тазалығын сақтап, саяхаттауды анағұрлым жауапты ете аламыз. Іледегі акцияға қосылған барлық азаматтарға алғыс білдіреміз және алматылықтар мен қала қонақтарын қарапайым ережелерді сақтауға – қоқысты өзімен бірге алып кетуге және табиғи инфрақұрылымға ұқыпты қарауға шақырамыз", — деп атап өтті Jetour Qazaqstan өкілі Айгүл Жаминова.
Компанияның айтуынша, Jetour Ecocrew – бір реттік бастама ғана емес, автосүйер қауымды және табиғатқа бейжай қарамайтын адамдарды біріктіретін тұрақты экологиялық қозғалыс.