Halyk Bank Құлыбаевтар компаниясына 193 миллиард теңгеге жуық дивиденд төлейді

Қаракөз Амантай 27 апр. 2024 10:34 5604

Halyk Bank 277 миллиард теңгеден астам дивиденд төлеуге шешім қабылдады. Оның шамамен 193 миллиард теңгесін Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева басқаратын “ALMEX Holding Group” АҚ алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ 2024 жылы 25 сәуірде өткен сырттай дауыс беру арқылы банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында банктің 2023 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша банктің жай акцияларына (ISIN KZ000A0LE0S4) сәйкес дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды. 

Бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшері: 25,43 теңге; дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2024 жыл 3 маусым; дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны: күн басындағы жағдай бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні (00.00) 2024 жылғы 15 мамыр (Алматы уақыты); Дивидендтерді төлеу нысаны қолма-қол ақшасыз. Банк акционерлеріне төленетін дивидендтердің көлемі 277 397 404 056,36 теңгені құрайды”, - деп хабарлады Қазақстан қор биржасы (KASE).

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Халық Банкінің жай акцияларының 69,52%-ы “АЛМЭКС” холдингтік тобына тиесілі. Осылайша Құлыбаевтар компаниясы 192,8 млрд теңге дивиденд алады.


Рекомендовать
Последние новости