Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Қаракөз Амантай 29 авг. 2024 17:04 5361

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлмира Сатыбалдыны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады, ал көмекшісі Мәди Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын болған сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалдының көлік жүргізушісі әрі көмекшісі Мәди Батыршаев бұл қылмыстық іске еш қатысы жоғын айтып, судьядан әділ төрелік жасауды өтінді.

Айта кетейік, былтыр Гүлмира Сатыбалдыға екі рет сот үкімі шыққан еді. 2023 жылы маусымда Қызылорда соты "Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру" бабы бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айырған еді. Оның алдында Астана соты "Адам ұрлау" (125-бап) және "Өзінше билік ету" (339-бап) баптары бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны 7 жылға соттаған.

Бұл жолы Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды бопсалау және кәсіпкерді заңсыз еркіндігінен айыру ісі бойынша сотқа тартылып отыр. 


Рекомендовать
Последние новости