«Гордонның аузына Путин түкіріп кеткен бе?». Қазақстан әркімге алғыс айтатын тіленші ел емес

Dalanews 09 янв. 2023 06:36 1022

Украина мен Ресей арасындағы соғыс талай адамның бет-пердесін ашқаны анық. Елді былай қойып, тұтас мемлекеттердің позициясын айқындауға ықпал етіп жатыр. Украинада Димитирий Гордон деген журналист бар. Кремльге қарсы. Өзінің Кремльге қарсы екенінен коммерциялап, ақша жасап жүрген талантты пиаршы.

Сол кісі «Қазақстан Украинаға алғыс айтуы керек» деп әңгіме айтыпты. Бұл риторика о баста «Ресейдің агрессиясына тосқауыл қойған Украианаға Еуропа елдері алғыс айтуы керек» деген сарында айтылушы еді.

Гордон оның өңін өзгертіп, енді «Қазақстан да Украинаға алғыс айтуы керек» деп шатып-бұтыпты.

Гордонның шынайы бейнесін білмейтін біздің қазақтар, оның аузынан сөзді әлеуметтік желіде таратып, алғыс айтуға дайындалып жатқан сыңайлы.

Әлеуметтік желіде Дмитрий Гордон кезіп жүрген сөзі мынау:

– Егер Ресей Украинадан бұрын Қазақстанға көз тіксе, онда Қазақстанды жеңіп, бодан етер еді. Бірақ, Ресей бізге соғыс ашты. Біз Ресейді әбден қалжыраттық. Енді Ресейдің Қазақстанға соғыс ашар шамасы жоқ. Сол үшін бұрынғы одақтас елдердің барлығы Украинаға алғыс айтуы керек, – депті Гордон көкеміз.


Қазақстан анаған-мынаған алғыс айта беретін тіленші емес қой.

Осыған дейін Путиннен бастап Қадыровқа дейінгі көкезулер: «Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскері елге кірмегенде Қазақстанды сырттан келген лаңкестер басып алар еді. Сол үшін қазақтар Кремльге алғыс айтуы керек» деп жер тепкілеген еді.

Осыдан кейін Ресейдің арнасына сұхбат берген Президент Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде орын алған жағдайлар бойынша Қазақстан Ресейге борыштар емес екенін жақсылап естеріне салған болатын.

Содан кейін орыстың пропагандистерінің аузына құм қиылған еді. Енді осы бір тезисті Гордон іліп алып кетіпті.

Осыдан кейін Гордонның ауызына Путин келіп түкіріп кеткен бе деп қалды екенсің. Әдетте мұндай сөздерді Гордон әдейі айтады. Ондағы мақсаты – өзінің әлеуметтік желідегі парақшалары мен каналдарына мыңдап адам тарту.


Егер осындай көкезулерге дер кезінде жауап бермесек, күні ертең айналадағы көршілеріміз әлденені себеп қылып өздеріне бізді борыштар қылып, соңынан кіріптар қылып қоюы мүмкін.

Егер әңгіменің ашығын айтсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде мемлекетке қауіп төнген жоқ. Қауіп – билікке төнді. Бір минитингтен мемлекет құлап қалмайды ғой.

Талай зұлматты бастан өткерген қазақ елінің басынан өткен жағдайлар біздің осы сөзімізге айқын дәлел болады. Осыны басты назарда ұстауымыз керек.

Тұтас Укриана халқы соғысып, қайғыдан қан жұтып отырғанда Гордонның өзін бейнелеген жастық, шоколад сатып, кітаптарын саудалап ақша жасауын қоймағанынан оның қаншалықты пайдакүнем адам екенін анық аңғаруға болады.

2014 жылы Ресей Укрианаға қарасы алғашшы әскери агрессиясын жасап Қырым мен Донбасты басып алғаннан кейін, Путиннің импершіл саясатын қолдап Донбоста концерт берген Иосиф Кобзонды Дмитрий Гордон құдайда көретіні жасырын емес.

Ол соғыстың алдында ресейшіл саясаткер, бүгінде өзге елде бас сауғалап жүрген Евгения Мураеватың NewsOne деп аталатын телеарнасында әрбір бейсенбі сайын шығып, Зеленский билігін сынап отыратын еді.

Бұдан басқа Ресейдің саясаткерлерінен сұхабат алып, ерлі-байлы Попов пен Скабаевалардың «60 минут» ток-шоуында Укринаның мүддесін жақтағансып (мұндағы мақсат өзін қаһарман етіп көрсету), әңгіме айтатынын да жақсы білеміз.

Егер Димитрий Гордон Украинаның шынайы потриоты болса, жылдар бойы Ресейдің пропагандасымен күрес жүргізіп келе жатқан «Укрлайф», «Freedom» сынды каналдар оның студиясына шақырып сұхбат алар еді ғой. Олар Гордонның ой-өрісі өзі шығарған «Бульвар Гордона» газеті деңгейінен аспай қалғанын білген соң, оны маңайларына жолатпайды.

Нұрлан Жұмахан

Рекомендовать
Последние новости