Ғылым – өндірістің бағытын анықтайтын факторға айналуы тиіс

Dalanews 12 апр. 2016 00:10 1150

Қазіргі таңда ғылымсыз, оның жетістіктерін жаңа прогрессивті технологиялар түрінде, техникалық шешімдер, инновациялық материалдар және өнімдер түрінде қолданбастан экономиканың сапасының ғана емес, саны жағынан да көтерілуі және халықтың дәулеттін артуы мүмкін емес. Өркениет дамуының замануи кезеңі экономикалық парадигмалардың, технологиялық құрылыстың ауысуымен сипатталады. Ғылым өндірістік күшпен алға қарай басатын өндірістің анықтаушы факторына айналады.

Тәжірибе жүзінде ғылыми саясатты дамыту, реттеудің бірнеше шаралары мен механизмдерін жасау, ғылыми секторға қолдау көрсету, ынталандыру бойынша және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒТҚН) коммерциялаудың арнайы қаржылық жолдарын енгізу бойынша қолға алынған жұмыстарға қарамастан Қазақстан экономикасының инновациялық даму деңгейі, оның ғылымды қажет ететін салалары төмен болып отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне (ДЭФ ЖБИ) сәйкес, Қазақстан «Инновация» факторы бойынша 85-ші орында тұр. Ал «Технологиялық дайындық» факторы бойынша 61-ші орынды иеленген. Инновациялық белсенді мекемелердің үлесі 8%-дан аспайды. [2]

Мәселенің «тамыры», оның ішінде отандық бизнестегі, нақты сектордағы субъектілерге сондай-ақ, қаржылық институттарға – банктерге, инвестициялық компанияларға және қорларға қатысты болып тұр. Олардың өндіріске инновацияны енгізуге және ғылыми-техникалық жобаларға түзетуге әзірше нақты шығын шығармай отыр. Себебі, бұдан ешқандай пайда көріп тұрған жоқ, яғни қосымша табыстың немесе кэштің кірісі жоқ. ҒТҚН технологиялық жүзеге асыруды ескермегеннің өзінде, маркетингтік талдау жасаудың қиын болып тұр.

Оған объективті және субъективті бірнеше себептер бар. Біріншісі және ең негізгісі – біздің бизнес технологиялық модернизация жолына ерте шыққан дамыған және дамушы Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне қарағанда әлі де жас. [4] Басында қазақстандық бизнес басқалары сияқты бастапқы капиталды қалыптастыру үшін жылдам әрі шығыны аз «сатып алу-сату» формасымен қалыптасты. Артынан ірі шетелдік компаниялардың белсенді араласуымен отын-энергетикалық ресурстарды алу және жүзеге асыру саласындағы және осыған байланысты қызмет көрсету, қызмет ету бағытындағы бизнес қосылды. Қазақстанның дәстүрлі мамандандыру салалары – металлургия және ауыл шаруашылығы да көтеріле бастады.

Біртіндеп ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі, машина жасау, химия және мұнай-химиялық салалары сияқты басқа да салалар көтеріліп, дами түсті. [5]

Олардың барлығын бір ғана технологиялықтың, күрделіліктің, инновациялықтың, бәсекеге қабілеттіліктің деңгейінің төмендігі біріктіреді. Дәл осы жерде ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану көмектесетіні анық. Бірақ, біріншіден, кәсіпкерлер мен бизнесмендер өз қызметтері бойынша отандық зерттеулердің бар екенінен хабарсыз. Екіншіден, қазақстандық ғалымдардың инновациялары және ғылыми-техникалық шешімдері өндірушілердің күткеніндей болып шықпайды. Олардың техникалық-технологиялық сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіз, көбінесе шетелдік новациялармен және ғылыми зерттемелерімен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіндігінің жоқтығынан, өзінің салалық мамандануы бойынша әлемдік трендтерден қалып қойған.

Сондықтан да бизнес тәуекелге бара алмайды. Оның батыс және оңтүстік-шығыс елдеріндегідей (азияның «жолбарыстары» мен «айдаһарлары») ҒТҚН күш салатын өмірлік қажеттілігі мен сұраныстары жоқ. Жеңілдеу табыс көздері арқылы пайда табу «терезелері» әлі де толығымен жабылған жоқ. Ұзақ уақыт бойы тәрбиеленіп, қалыптасатын инновацияларға деген қызығушылық пен «талғам» да белгілі бір мәдениет те жоқ.

ҒТҚН коммерцияландыру процесін тездету үшін біздің елімізде бірнеше қадамдарды қолдану қажет. Ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновацияларды коммерцияландырудың алгоритмі жасалып, мемлекеттік қолдаудың тікелей және жанама әдістері анықталып, мемлекет, бизнес, ғылым мен білім, даму институттарының бір-бірімен де өзара әрекеттесуінің нақты механизмдері болуы тиіс.

  • Ең алдымен, ғылыми сала мен бизнес-секторы арасындағы түсініспеушіліктен арылу үшін түйісу нүктесін табу қажет. Бизнес пен ғылым маңызды технологиялық мәселелер шешімін табуда көзқарастары бір жерден шығып, бір арнада болуы үшін бір-бірін «ести білуі» және түсінуі керек.

  • Бір жағынан, ғалымдардың өздерінің де ҒТҚН жасап, шаруашылық тәжірибеге енгізуге байланысты болжалды қаржылық бағыттарымен ұсыныстары бар. Екінші жағынан, бизнес инновациядағы өз талаптарын ашық көрсетіп, «мәселе бағасын» көрсете отырып, басымдығы бойынша салалардың техникалық-технологиялық ішкі талаптарын қалыптастыруы қажет.

  • Мемлекет өзінің салалық бөлімшелері және даму институттары атынан немесе квазимемлекеттік құрылымдары – ұлттық компаниялары арқылы осы екі портфельдің түйісуінен кейін жұптарды (бизнес-ғылым) табуға және серіктестер пулын (ғылыми бөлімшелер/зерттемелер авторлары; бизнес құрылымдар – ҒТҚН тұтынушы; бизнес құрылым – ҒТҚН өндіруші)табуға дүниежүзілік қолдау көрсетуі тиіс.

  • Сонымен бірге мекемелерде тәжірибе жүзінде іске асырылған ҒТҚН және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыратын инвесторлар үшін несие беруге ұқсас белгілі бір мемлекеттік кепілдік беру мехнаизмдерін немесе сақтандыру және қауіптен хеджерлеудің басқа тәсілдерін қарастырғаны дұрыс.

  • Технологияларды және инновацияларды коммерцияландырудың барлық түрінің процесіне қатысушы инвесторларға бизнестерін жүргізу үшін салықтан босату, өндірісін жетілдіру немесе кеңейтуге несие алу барысында проценттік көрсеткішін азайту сияқты нақты қандай да бір жеңілдіктер жасалуы тиіс.

  • Коммерциялау процесіне ең алдымен квазимемлекеттік құрылымдар және вертикальді-біріктірілген холдингтер, сондай-ақ өзінің салалық секторларының жүйесін жасаушы кәсіпорындар мен ұйымдар отандық ғылыми және ғылыми-техникалық зерттемелерге мемлекеттік тапсырыс беру арқылы бастама жасауы тиіс.

  • ҒТҚН қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушы мекемелер қаржысының 1%-н таңдау механизмі ықпалды аспап болуы керек. Бұл жерде осы қаржының ғылыми секторды қолдау атын өтірік жамылып жүрген құрылымдарға емес, тиісті жерге – отандық зерттемелерді коммерциялауға жұмсалуын бақылауға алу қажет.

  • Материалдық ынталандырудан бөлек, жетекшілік және демеушілік институттарын дамыту қажет. Бизнес өкілдеріне «Үздік инвестор-жетекшіге/демеушіге» деген ғылыми-техникалық зерттемелерді коммерциялағаны, демеушілік көрсеткені, ұйымдастырғаны және кеңес бергені үшін жеке тұлғаларға және компанияларға аталымын ұйымдастыру керек.

  • Ғылым экономиканың барлық салаларының әлемдік даму трендінен қалыспауы тиіс. Ол үшін отандық ғалымдар, зерттеушілер, өнертапқыштар шетелдік ғылымның соңғы жаңалықтарынан хабардар болып, дамыған елдердегі технологиялық форсайттар саласындағы зерттеулермен, инновацияға деген бизнес талаптарымен және оның әлемдегі тәжірибеге енгізілуімен танысып отыруы қажет. Біздің елде және шет елдегі маңызды және үлкен сұранысқа ие ғылыми-техникалық жобалар, технологиялық форсайттар нәтижесі туралы ақпараттар салынатын ақпараттық-талдамалы платформаларды (интернет-порталдар) құру қажет.

  • Экономикадағы және бюджеттік үнемдеудегі дағларысқа қарамастан, ғылым дұрыс қаржыландырылуы тиіс (жеткілікті көлемде әрі уақытылы, жылдық күнтізбенің 3-4-ші айларында емес, бірінші айынан бастап). Қаржыландыру отандық бизнеске қажетті деген қолданбалы ғылым бағыттарына үлкен көлемде бөлінуі тиіс.


11) «ҰҒТАО» АҚ-нда ақпараттық негізі инновациялар мен патенттердің деректер қоры (ИПД) болып табылатын «Ғылыми-зияткерлік қызмет нәтижелерінің картасы» интерактивті порталы құрылып жатыр. ИПД ақпараттық ауқымы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, сонымен қатар олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әсерін анықтау нәтижесінде алынған патенттік қабілеттілік көрсеткіштері, өнертапқыштық ойдың бар болуы, қорғау құжаттарының саны бойынша ҰҒТАО тіркелген ҒЗТКЖ туралы есептерді жүйелендіру және талдау жасау негізінде қалыптастырылды.

ҒЗҚНК ИПД логикалық жалғасы болып табылады және өзектілігін, нарықтық әлеуетін, коммерциялық тартымдылығын патент қабілеттілігін (әр жоба – патент немесе қорғау құжаттарының басқа түрі 3 қоржыннан тұрады – инфестициялық паспорт, зияткерлік меншік нысаны және шұғыл маркетингтік шолу туралы мәліметтер) бағалай отырып, орындаушы- ұйымдардың ғылыми зияткерлік қызметінің активтер қоржынын ұсынады.

ҒЗҚНК ерекшелігі – жылдам іздеу мен қолайлы навигация. ҒЗҚНК арқылы инновациялардың бірегей деректер қорына эксклюзивті тікелей қол жетімділік жүзеге асырылатын болады. Жобалар туралы ақпарат аймақтық және салалық белгілері бойынша топтастырылады.

Коммерциялық тартымдылықты, нарықтық әлеуетті алғашқы жылдам-бағалау «Инновациялық технологиялар паркі» Инновациялық кластерді басқару органы ретінде АКҚ қызмет атқаруы үшін маңызды, әрі өзекті мүмкіндіктер мен тиімді инвестициялар туралы шешімдер қабылдау процессін айтарлықтай жылдамдатады және жеңілдетеді.

АКҚ және Инновациялық кластердің басқада қатысушылары үшін пайда төмендегідей болып табылады:

- Қарапайым, әрі қолайлы навигациямен, сараптамалық сүйемелдеумен салалық және аймақтық тиістілік бойынша топтастырылған отандық инновацияларға on-line режимде қол жетімділіктің бір орталықта шоғырлануы;

- Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері (ҒТҚН) туралы ақпаратты өздігінен жинауды және өндеуді жүзеге асыру қажеттілігінің болмауы;

- Қосымша іргелі талдау жүргізуді қаржыландыру және/немесе мақсаттылығы туралы шешімдер қабылдауды жеңілдету және жылдамдату үшін патенттік қызметтілігін, инновациялардың экономикалық, маркетингтік және коммерциялық аспектілерін алдын-ала бағалаудың бар болуы;

- ҒЗИ және ЖОО, ғалымдар мен зерттеушілердің қамтылу ауқымы тек Алматы шеңберінде емес, сонымен қатар барлық Қазақстан болып табылады.

- Бизнесті әртараптандыру мақсатында экономикалық қызметтің қызықтыратын саласында келешегі бар, әрі коммерциялық тартымды инновациялық шешімдерді, сонымен қатар ҒЗТКЖ қаржыландыру құралы ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың ЖЖТ 1% -ын таңдау мүмкіндігі;

- Отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттігін дамыту және арттыру үшін инновацияларды жайғастыру;

- ҒТҚН коммерциализациялауға мониторинг жасау.

ҒЗҚНК аясында «Ақылды индустрия», «Ақылды орта», «Таза және жасыл технология», «Е-коммерция және медиа» АКҚ негізгі бағыттары және платформалары бойынша, сонымен қатар акселерация бағдарламасы, инкубация, стартап бағдарламасы бойынша АКҚ этаптарында топтастырумен Алматы қ. Ғылыми-техникалық жобалардың ұсыныстығына арналған арнайы қосымша («терезе») құрылуы мүмкін.

12)«Ғылым және бизнес: инновациялық көпір» диалогтік алаңы негізі болып табылатын «S2B» (science to business) форматындағы коммуникативтік шаралар жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша тиісті ортақтастық қалыптастыру және ынтымақтастықтың нақты жолдарын, формаларын және әдістерін талқылау үшін ғылыми-зерттеу, бизнес, қаржы институттарының және венчурлық қорлардың өкілдері кездесетін ғалымдар мен инвесторлардың жүйелі диалогына арналған ұйымдастырушылық платформа ретінде қызмет атқарады. Диалогтік алаңда кәсіпкерлік және инвестициялық құрылымдар тарапынан кейінгі қаржыландыру және материалдық-техникалық қолдау көрсету үшін бизнестің өзекті технологиялық мәселелерін шешетін ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу жүргізіледі.

Орталықта ағымдағы жарты жыл ішінде жалпы сомасы 56 млрд теңгеден аса қаржыландыруды талап ететін 50 астам ғылыми-техникалық жобалар ұсынылған 3 диалогтік алаң (ДА) өтті.

Болжамдалған ақпараттық-сараптамалық және коммуникативтік құралдары бойынша қаржыландырудың орташа жылдық көлемі ҒЗҚНК жобасымен айналысатын қызметкерлерінің еңбекақысын және диалогтік алаңдарды өткізуге арналған шығындарды төлеу қорынан тұратын 38 милн. теңгені құрайды.

 

Жанболат КАНАЛИН, Елена ГОЛИКОВА,

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Технологияларды коммерциялау басқармасы

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» от 30 ноября 2015 г.;

  2. Закон Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 381-V «О коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности»;

  3. «План Нации. Сто конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ»;

  4. Государственная программа инфраструктурного развития «Нұрлыжол» на 2015 - 2019 годы», утвержденная Указом Президента РК от 6 апреля 2015 года № 1030;

  5. Послание Президента народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17.01.2014г.;


 

Рекомендовать
Последние новости