«Геосаяси ойынның құрбаны болуы мүмкін»: Қазбек Майгельдинов оппозиционерге жасалған шабуыл туралы тарқатты

Жарбол Кентұлы 21 июн. 2024 13:25 3711

Украинада қазақстандық оппозиционер Айдос Садықовқа қастандық жасалған еді. Ер адам әйелімен бірге көлігіне жақындағанда белгісіз біреу тапаншамен атып кеткен. Жапа шеккен қазақстандық белсенді Айдос Садықов екені белгілі болды. Осы орайда «Qasqa Jol» ютуб-арнасы мәселенің түйінін тарқату үшін шұғыл шығарылым дайындады. Қонақта болған белгілі саясаткер Қазбек Майгельдинов Айдос Садыққа кімнің өштескенін болжап көрді, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Қазбек Майгельдинов Украина үшін Айдос Садыққа шабуыл жасау қаншалықты тиімді деген сауалға жауап берді. Оның айтуынша, журналиске шабуылдың артында қандай да бір геосаяси ойын тұруы мүмкін. Олай деп айтуға себеп те бар.

«Карантин кезін еске түсіріп көрейік. Төтенше жағдай емес, жай ғана карантин режимінде дүкенге шығу мұң болды. Ал енді Киевті еске алайық. Карантин мен коменданттық уақыттан бөлек күнделікті тоталды бақылауда отырған қала. Әлі күнге дейін қылмыскердің ұсталмауына қарағанда осындай қатаң тексерісте тұрған қалада оған қашып кетуге қалай жағдай жасалған? Осы тұста арнайы дайындалған оперция болуы мүмкін деген ой туындайды. Осыдан екі апта бұрын ойда жоқта Зеленский Орталық Азия журналистерін сұхбат беруге шақырды. Соғыс болып жатқан елдің басшысы әлемдік деңгейдегі емес, Орталық Азия мемлекеттерінің тілшілерін шақырды. Оның үстіне біздің елден мемлекеттік БАҚ-тың журналистерін немесе қаралымы жағынан жоғары аудитория жинай алатындарды шақырған жоқ. Осыдан барлығын құрастыратын болсақ Украинаның көздеген бір мүддесі бар. Журналистерді шақыру мен журналиске шабуылдың арасында бір байланыс бар сияқты, мұның бәрі жайдан жай болып жатқан жоқ. Факт бар. Егер Өзбекстан мен Қырғызстанда да осындай жағдай болатын болса, Орталық Азия геосаяси ойынның бір элементіне айналып отыр деген ой туындайды».

Саясаткердің сөзінше бұл жерде қандай да асығыс шешім шығаруға болмайды.

«Арандатушылыққа жол бермеуіміз керек. Тұрақтылығымыз бар болса сыртқы күштің іріткі салуына жағдай жасамайық. Ол үшін ақпараттық соғыста ақты ақ, қараны қара деп көрсете білуіміз маңызды. Қандай жағдайда, не үшін, нендей мақсатпен деген сұрақтарды жан-жақты қарастырып барып шешім шығаруымыз маңызды. Ешқандай асығыс шешім қабылдауға болмайды».

СҰХБАТПЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСУ ҮШІН МЫНА СІЛТЕМЕДЕН ӨТІҢІЗ: Киевте тоталды бақылау, тапа-тал түсте адамды атып кету мүмкін емес – Қазбек Майгельдинов


Рекомендовать
Последние новости