Генерал Новиков иемденіп алған жер телімдері мемлекетке қайтарылды 

Dalanews 16 авг. 2023 06:47 1035

Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз алынған жер учаскесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Атышулы генерал-майор Новиков пен оған қарасты қоғамдық қордың меншігіндегі 7 миллиард теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

2014 жылы Алматының аумағын кеңейту кезінде облысқа кірген жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына еніп кеткен.



"Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесін "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС-і (құрылтайшысы генерал-майор Павел Новиков) қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған", – дейді прокурорлар.

Ол тұста Алматы қаласының Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімов басқарған еді.

Бұл туралы ақпаратты алғаш депутат Бақытжан Базарбек өз парақшасында жариялаған. "Тау бөктеріндегі орманды жер жеке меншікке қалай берілгені белгісіз" деген еді халық қалаулысы.

Кейіннен жердің меншік иесі – қорғаныс саласының генерал-мойоры П.М.Новиков екені анықталған. Қорғаныс саласында қызмет еткен П.Новиков көбіне ЦСКА, яғни Қорғаныс министрлігіні Спорт комитетінде жұмыс істеген. Саяси қайраткер идеалы ретінде Н.Ә.Назарбаевты көрсетіпті. «Құрмет», «Данқ» секілді көптеген ордендермен, 18 медальмен марапатталған.

Депутаттың айтуынша, генерал П.М.Новиковтың жерін айналып өту үшін жарты сағат уақыт кетеді екен.


Тау бөктерін жоталарымен қоса алған генералдың жері қоршалып, шлагбаумдар қойылған.

 

https://dalanews.kz/bas-takyryp/91804-angliiada-2672-qazaq-zhan-bagyp-zhur-britani

https://dalanews.kz/saraptama/91888-maqsatym-ulttyq-sportty-damytyp-ul

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости