АҚШ президентінің "жүкті әйелдер парацетамол қабылдаса, нәрестеде аутизм белгісі пайда болуы мүмкін" деген мәлімдемесі әлемде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлыбританиядағы аналарды қолдау ұйымдары мұндай сөздер әйелдер арасында алаңдаушылық тудырып, жалған ақпаратқа сенуге итермелегенін айтады.
Медицина мамандарының пікірінше, парацетамолдағы ацетаминофен жүкті әйелдер үшін қауіпсіз.
Ал ұлыбританиялық ғалымдар аутизмнің 80%-ы генетикалық мутацияға байланысты екенін, дәрі-дәрмек пен вакцинацияның бұл дертке еш қатысы жоқ екенін жеткізді.