Freedom Broker-ден 5 кеңес: Инвестиция жасаған кезде нені білу керек?

Dalanews 20 сент. 2023 08:14 1508

Іргелі талдау дегеніміз кең ауқымды факторларды ескере отырып, олардың негізгі (іргелі) қасиеттеріне қарай қаржылық құралдардың құнын бағалау тәсілі. Іргелі талдаудың мақсаты –бағалы қағаздарды анықтау.

Инвестиция жасаған кезде іргелі талдауды қолдану 3 негізгі болжамға негізделеді, олар:

  • Акцияның дәл қазір көрсетілген бағасы көбінесе өзіндік құнына сай бола бермейді;

  • Компанияның негізгі деректерінде көрсетілген баға акциялардың өз құнына жуық болуы мүмкін;

  • Ұзақ мерзімді уақытта қор нарығы бағалы қағаз құнын шынайы бағасына жақындатуға бейім.


Іргелі талдаушылар қаржылық және басқа да іргелі факторларға негізделген акцияның «нақты» құнын анықтауға тырысады. Қаржылық және басқа іргелі факторларға сәйкес оның құны қанша болуы керек деген сауалға жауап іздейді. Ол үшін оны қазіргі нарықтақ  бағамен салыстырады. Нарықтағы баға іргелі көрсеткіштерге жеткенде, инвестиция пайда әкеледі.

Сондықтан іргелі талдауды негізінен қаражатын ұзақ мерзімге құятын инвесторлар пайдаланады. Мысалы, Уоррен Баффет осындай инвесторлардың қатарынан. Сондай-ақ, инвестициялық немесе консалтингтік компаниялардың қаржылық талдаушылары баға мақсаттары мен клиенттерге ұсыныстарды анықтау үшін іргелі талдауға жүгінеді.

Техникалық талдау жасамай, бағаның ықтимал қозғалысын болжау мүмкін емес. Ғасырдан астам уақыт бойы дүниежүзіндегі миллиондаған трейдерлер қор нарығынан пайда табу үшін техникалық талдау жасап келеді.

Ол үшін сұраныс пен ұсыныстың балансы нысанаға алынады. Сұраныс ұсыныстан асып кетсе немесе керісінше, азая бастаса, нарық қатысушыларын зерттеу қажет етіледі.

Техникалық талдаудың негізгі үш қағидасы бар:

  • Баға бағаға әсер ететін барлық факторларды ескереді;

  • Баға қозғалысы қоғамдағы үрдістер мен трендтерге бағынады

  • Тарих қайталанады


Осы қағидалардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық:

Болжау үшін талап етілетін жұмыс - бағалар кестесін зерттеу. Бірақ онымен қатар жан-жақты болуға ұмтылу керек, әдістерді біріктіру маңызды.

Баға қозғалысы үрдістер мен трендке бағынады. Бүгінгі таңда үш негізгі үрдіс бар, олар: төмендеу, консолидация және жоғарылау. Баға диаграммасының негізгі мақсаты – бұл үрдістерді олардың дамуының бастапқы кезеңдерінде және олардың бағытына сәйкес анықтау.

Тарих қайталанады. Бұрын ықпал еткен факторлар (экономикалық циклдар, дағдарыстар) қазір де бар және болашақта да болады.

Техникалық талдаудың басты артықшылығы - оны кез келген нарықта қолдануға болады. Графиктерге назар аудара отырып, тек акциялар ғана емес, кез келген өнім бағасы қалай құбылатынын болжай аласыз. Сондай-ақ кез келген уақыт аралығын бағалауға мүмкіндік береді. Техникалық талдау негіздерін біле отырып, көптеген сарапшылардың аналитикалық пайымдауларына қарамай-ақ мәміле жасай аласыз.

Инвестор әрбір бағалы қағаздың бағасына қатысты шешім қабылдар алдында бұрын жасалған макроэкономикалық және салалық талдау деректерін пайдаланады. Көбінесе инвесторлар іргелі талдауда қолданатын салыстырмалы тәсілді  негізге алып, бағаланбаған акцияларға  олар арзан болғандықтан емес, ұқсас бизнес үлгілері кейін жақсы табыс әкелген жағдайлар болғандықтан таңдау жасайды.


Бұл тәсілді практикада жүзеге асыру оңай. Инвестор бағалы қағаздың қанша тұратынына мән бермейді, бірақ бағаланбаған бағалы қағаздардың ең төменгі көрсеткіштеріне назар аударады. Мұндай салыстырудың негізгі бөлігі компанияның қаржылық нәтижелерін де, акциялардың нарықтық құнын да ескеретін мультипликатор – коэффициент көмегімен жүзеге асырылады. Ол неғұрлым төмен болса, компания инвестицияның әрбір тиынынан көбірек пайда табады.

Ең төмен бағаланған акциялар ең аз еселенген акциялардың арасында болатыны анық. Бірақ бұл тәсіл түрлі бизнес үлгілері үшін бірдей болмайтынын есте ұстаған жөн.


Freedom Broker сарапшыларының кеңестері



  1. Ең алдымен өз сегменттерінде іргелі көрсеткіштерге ие, сенімді көшбасшылары бар жетекші компанияларға назар аудару қажет.

  2. Болашақта өсу қарқынын сақтайды деген сенім болуы үшін компанияның жоғары өсімге ие мақсатты нарығының болуы құптарлық. Экономикалық әлеуеті бар, бәсекеге төтеп бере алатын, тұрақты даму бағытына түскен инвестициялық позициялардың ұзақ мерзімді табысқа жету ықтималдығы жоғары.

  3. Компанияның және оның бизнесінің қыр-сырын түсіну маңызды. Бұл шешім қабылдау үшін берік негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар нарықтық ауытқулар кезінде эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі, бұл - айтарлықтай маңызды фактор.

  4. Техникалық талдау туралы айтатын болсақ, сіз ұзақ мерзімді өсу трендіне ие, орта есеппен 200 күннен көп өсім көрсеткен акцияларды қарастыруыңыз керек.

  5. Егер акция бағасы айтарлықтай төмендеген болса, онда акция бағасының құлдырауын тоқтатып, көтеріле бастайтын деңгейлерді анықтау үшін акция бағалары диаграммаларын талдау керек. Сондай-ақ инвестор RSI (салыстырмалы күш индексі) индикаторына назар аударуы керек және RSI баға трендінің мүмкін кері өзгеруін көрсететін жағдайларды іздеуі керек. Осылайша, нарыққа кіру үшін қолайлы сәтті таңдау үшін инвестор диаграммаларды мұқият қадағалап, бағаның ықтимал көтерілуін білдіретін көлбеу арналар мен жергілікті қарсылықтар сияқты акциялардың бағасы белгілі бір деңгейден өткенде позицияға кіруі керек.


«Жалпы, күшті іргелі көрсеткіштер мен тартымды техникалық сэтаптар үйлесімі табысты инвестициялық сценарийді қалыптастырады. Компанияның көрсеткіштері тартымды және өсу әлеуеті күшті болса, тәуекел мен табыс арақатынасы бойынша тұрақты қор динамикасымен бірге табысқа жету ықтималдығы әлдеқайда жоғары болады.



Сонымен қатар, инвестициялау өнері тұрақты білім алуды, тәуекелдерді мұқият басқаруды және жалпы инвестициялық портфельдер мен активтерді әртараптандыруда стратегиялық жоспарды талап ететінін  ұмытпаңыз», - дейді Freedom Finance Global талдаушысы Тамерлан Абсалямов.

Тақырыпты жақсырақ түсіну үшін Freedom Academy-ге хабарласуға болады. Онда талдаудың екі түрі бойынша курстар бар. Олар онлайн, офлайн және жеке форматта өтеді, сонымен қатар қор нарығында табысты сауда жасау үшін барлық қажетті білім мен құралдарды ұсынады.

Курс бағдарламалары 10 сағатқа (5 күн) шақталған және негізгі тақырыптарды қамтиды. Әрбір сабақтан соң алынған білімді нақты тәжірибеде сынап көруге болады. Студенттер TradingView ресурсымен, Yahoo finance және Finviz танымал аналитикалық порталдарымен жұмыс істеуді үйренеді.


Ал «Техникалық талдау» курсында студенттер нақты уақыт режимінде ірі компаниялардың акциялары бойынша техникалық талдау құралдарын үйренеді және оларды қолданып көреді. Студенттер нақты брокерлік шоттар бойынша болашағы бар мәмілелерді жасайды. Freedom Academy-дің әр спикері - қор нарығында 15 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі инвестор немесе трейдер. Тәлімгерлер нақты уақыт режимінде және өз жағдайлары арқылы биржада табысты сауда жасау және ақша табу үшін техникалық және іргелі талдау құралдарын қалай қолдану және біріктіру керектігін көрсетеді.

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости