ForteBank-ке Home Credit Bank пен HomeITTech-ті сатып алуға рұқсат берілді

Қаракөз Амантай 03 нояб. 2025 11:51

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ForteBank АҚ-ына Home Credit Bank АҚ мен HomeITTech ЖШС компанияларын еншілес ұйымдар ретінде сатып алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ForteBank баспасөз қызметінің хабарлауынша, HomeITTech – Home Credit Bank экожүйесіне қызмет көрсететін технологиялық компания.

"Бұл рұқсаттар сатып алу процесін толық аяқтауға мүмкіндік береді. Біз аталған мәміле екі тарапқа да тиімді болады деп сенеміз: ForteBank өз технологиялық әлеуетін кеңейтіп, нарықтағы позициясын нығайтса, Home Credit Bank қаржыландыру тұрақтылығын арттырып, жаңа даму мүмкіндіктерін ашады", — деді ForteBank басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.

Банк өкілдерінің мәліметінше, Home Credit Bank бұрынғы тәртіпте жұмысын жалғастыра береді: клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалып, қызметтер мен өнімдер бұрынғы шарттармен қолжетімді болып қала береді.

Айта кетейік, 2025 жылғы маусымда ForteBank пен Home Credit Bank (Қазақстан) банктің 100% акциясын сатып алу жөнінде қағидатты келісімге келген болатын.


Рекомендовать
Последние новости