Еуропарламент: "Сейітқазы Матаевты қуғындауды доғарыңдар!"

Dalanews 11 мар. 2016 01:24 865



Еуропа парламенті Қазақстандағы сөз бостандығы жөнінде қарар қабылдап, Астананы бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді қудалауды доғаруға шақырды.





9 наурызда қабылданған қарарда Қазақстандағы сөз бостандығы соңғы жылдары нашарлағаны айтылады. Қарарда Еуропа парламентінің депутаттары Астананы оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинованы босатуға және Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігі жетекшісі Әсет Матаевты қуғындауды тоқтатуғка шақырады.

Еуропарламент депутаттары бұған қоса Қазақстан билігін журналистер ісі бойынша сот процестерін ашық өткізуге үндеген.

Еуропарламент сонымен қатар қылмыстық кодекстің "заңға сай әрекетті қылмыстық іс қозғау үшін пайдаланылуы мүмкін" 174 бабын ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алаузыдықты қоздыру") қайта қарауға шақырады.

Еуропарламент үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі туралы заңды "Қазақстандағы ҮЕҰ-ның тәуелсіздігі мен өмір сүруіне нұқсан келтіреді" деп алаңдаушылық танытты.



Рекомендовать
Последние новости