Еспаева: "Екінші орыннан үмітті едім"

Dalanews 09 июн. 2019 19:26 778

Дәния Еспаева экзит-полл нәтижесіне байланысты пікір білдірді.

"Бұл енді алдын-ала көрсеткіштер ғой. Өз басым көңілім тоқ, сайлау нәтижесі қалай аяқталса да жеңілгем жоқ, жеңіске жеттім. Қалыптасқан қағиданы бұздық. Әйел адамның саяси сахнаға шығып, сайлау додасында үшінші орын алуы біздің елде бұрын-соңды болмаған. Жеңдім, жеңілмедім дегенім де сондықтан". 

Еспаев бұл жолғы сайлау әділ өтті деп есептейді. 

"Заңды құрметтейтін адаммын өз басым. Барлығы заң аясында болуы керек деп есептеймін. Дәл қазір сайлау нәтижелері бұрмаланды деп айта алмаймын. Біздің партия бақылаушылары кішігірім заңбұзушылықтарды байқапты. Бүгінгі сайлаудың көрсеткішіне қарағанда өрескел заңбұзушылықтармен тіркелмеген, бәрі орнымен, жөнімен өткен. Өз басым екінші орыннан үмітті едім..., – дейді Еспаева. 

"Иә, мен жеңдім. Бұл менің кезекті жеңісім. Осы сайлаудың нәтижесінде бұрынғыдан да сауатты, білімді бола түстім. Үлкен мектептен өттім осы сайлауға түсіп. Өңірлерді аралап ертең депутаттық қызметте қажетіме жарайтын материал жинап қайттым. Оларды міндетті түрде пайдаланып, ортақ талқыға ұсынамын", – деді Еспаева. 

Экзит-полл нәтижесінде Еспаева 5,32 пайыз дауыс жинап, үшінші орын алды. 70,13 пайыз дауыс жинаған Тоқаев бұл сайлауда топ жарса, оның негізгі қарсыласы Қосанов 15,39 пайыз дауыспен екінші орында келді. 

Рекомендовать
Последние новости