«Ешқандай жаназа мен жерлеу рәсімі болмайды». Жылжымалы крематорий орыс әскеріне неге керек?

Dalanews 27 февр. 2022 05:09 905

Украинада орыс әскері көптеп қаза тауып жатқаны белгілі. Мұны Украинаның ақпарат құралдары нақты дәлелмен жариялауда. Ал Ресейдің ақпарат сөзіне сенсек, анау айтқандай адам шығын жоқ. Бірақ ресейлік саясаткер Лев Шлосберг өзінің Фейсбуктағы парқшасында орыс әскері Украинаға аттанғанда өздерімен бірге жылжымалы крематорийлерін ала кеткенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біздер бұл жолы майдан даласында оққа ұшқан сарбаздарды арулап жер қойнауына тапсыру рәсімі болмайтынын түсінуіміз керек. Ресей майдан даласында мерт болған сарбаздардың денесі салынған табыттарды кері қайтармайды. Ешқандай жаназа, ешқандай жерлеу рәсімі болмайды.

Кремль 2014 жылғы Украинамен арадағы соғыстан сабақ алып, соғыс кезінде мерт болған сарбаздарды өздерімен бірге ала шыққан жылжымалы крематорийде өртейді, – деп жазыпты Лев Шлосберг.


Осылайша Путиннің жандайшаптары оққа ұшқан баласын іздеп аңыраған аналар мен әкелердің шу шығарып, дабыра көтеруінің алдын алғаны мәлім болды.

– Соғыста мерт болғандарға «балаңыз әскери қызметін өтеп жүрген жерде мерт болды» деп тілдей қаралы хабар жөнелтетін болады. Ал олардың күлге айналған мәйтінің қайда қалғанын әскери операцияға қатысқандар ғана біледі, – дейді Лев Шлосберг.

2015 жылы Ресейдің Жоғары соты Путинге бейбіт кезеңде орын алған әскери шығынды құпиялау қатысты бұйрық шығарып берген болатын. Путин осы бұйырықты пайдаланатыны анық.

Рекомендовать
Последние новости