Еркебұлан Тоқтар тағы өзбекстандық спортшымен кездеседі

Сағыныш Сардарова 13 янв. 2026 17:22

Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек өкілі Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Шахзод Узоковпен (Gold) кездесуге келісім берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жекпе-жек Octagon промоушені аясында өтпек. Алдын ала мәлімет бойынша айқас 2026 жылғы наурызға жоспарланған. Бұл туралы Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бұл кездесу көптен бері жанкүйерлердің назарында. Себебі қос спортшы да әлеуметтік желіде бір-біріне түрлі мәлімдеме жасап, айқасқа шақырып жүрген. Осылайша олардың арасындағы сөз тартысы нақты жекпе-жекке ұласты.

Бірнеше күн бұрын Gold лақап атымен танымал Шахзод Узоков қазақстандық спортшыға қатысты пікір білдіріп, Еркебұлан Тоқтарды бұған дейін танымағанын айтқан.

Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар бұған дейін 27 желтоқсанда Ташкенттегі "Хумо Аренада" октагонға шықты. Ол өзбекстандық Тимур Никулинмен кездесіп, жекпе-жекті алғашқы раундта техникалық нокаутпен аяқтаған еді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove