Ержан Бабақұмаров кәмелетке толмағандарды психологиялық қолдау мәселелері жөніндегі штабтың отырысын өткізді

Dalanews 28 окт. 2021 13:19 900

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров кәмелетке толмағандармен жұмыс мәселелері жөніндегі жедел әрекет ету штабының отырысын онлайн форматта өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Балалардың психологиялық денсаулығын және қиын жағдайларды еңсеру бойынша өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар қаралды.

Алматының Білім басқармасы орта білім беру ұйымдарының базасында жұмыс істейтін психологиялық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. 207 мектепте 365 психолог, 207 әлеуметтік педагог жұмыс істейді. 286 психолог кәмелетке толмағандармен қарым-қатынастың жаңа форматтарына оқытылды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, жасөспірімдердің психологиялық денсаулық туралы хабардарлығын ұлғайту бағдарламасы іске асырылуда, ата-аналармен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған, мысалы, пандемия кезінде денсаулығына байланысты проблемалары бар әрі жақындары мен туыстарынан айырылған, ата-анасы ажырасқан және басқа да балаларға әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін енгізу бойынша жұмыс аяқталып жатыр.

Педагогтардың кешенді жұмысының және әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдаудың арқасында бала-ата-ана және отбасы-тұрмыстық жанжалдарды шешуде кәмелетке толмағандарға қолдау көрсету және көмек көрсету сапасы артып, қандай да бір түрде аутодеструктивті мінез-құлық нысандарымен қатар жүретін болады.

«Bilim Foundation» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жанат Досжанова BFline.org платформасындағы психологиялық қолдау қызметі және 8 (800) 00 40 150  жедел телефонының тәулік бойы жұмыс жасайтыны туралы хабарлады.

Мамандардың көмегі тегін, құпия, онлайн және офлайн форматтарда ұсынылады. Қиын немесе оғаш жағдайға тап болған балалар; қарым-қатынастағы қиындықтар немесе қорқыныш, алаңдаушылық, стресс; сондай-ақ көмек пен қолдауды қажет ететін балалар кеңесшілерге жүгіне алады (шын аты-жөні хабарланбайды, кез-келген адам жасырын түрде өзін таныстыра алады). Кеңесшілер психологиялық қолдау көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары да кеңес ала алады.

Штабтың жұмысына прокуратура, ювеналды полиция, қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы, Психикалық денсаулық орталығы, аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері, бірқатар  бейінді ҮЕҰ қатысты.

Ержан Бабақұмаров қысқа мерзімде барлық мектеп психологтарының оқыту және біліктілігін арттыру кезеңін аяқтауды тапсырды және «тәуекел топтары» тұлғаларын ерте анықтау жұмысын ұйымдастыру, оларды қолдау және психологиялық оңалту бойынша алдын алу жұмыстары жүйесін құру бойынша міндет қойды.

Тағы оқыңыз:

Рекомендовать
Последние новости