«Еріктілер батальоны». Бәрі ақша үшін соғысқа аттанбақ

Dalanews 03 авг. 2022 10:15 953

Новосібір, Қорған, Саратов және Ульянов облыстарында Украинадағы соғысқа қатысатын еріктілердің жаңа батальондары жасақталуда. Осындай әскери бөлімдерге қабылданатындарға 300 мың рубльге дейін бір реттік төлем ұсынды.

Соғысты зерттеу институтының (ISW) хабарлауынша, Ресейдегі аймақтарда еріктілер ақысын төлеу шарттары өзгергенін алға тартты.

Айталық, Башқұртстанда ерікті ретінде жазылғандарға арналған 200 мың рубль көлеміндегі бір реттік төлем 90 күн бойы жолданбайтынын аймақ әкімшілігі алға тартты.

2 мың рубль көлеміндегі тәулік ақысы айына бір мәрте төленеді. Саратов облысындағы әскери бөлімдерге қосылғандар да 150 мың рубль көлеміндегі бір реттік төлемді келісім-шартқа қол қойғаннан үш айдан кейін ғана алады.


ISW сарапшыларының пікірінше, еріктілер ақшаны алып, Украинадағы соғысқа бармай қоя ма деген қауіппен ақы төлеу шарттарын өзгерңп жатқанын алға тартты. Оның үстіне, аймақтарда еріктілерге төлейтін қаражат жетіспеуі де мүмкін.

Өткен аптада "Агал" чуваш батальоны сапында Украинадағы соғыста жүрген қырықтан астам ерікті келісім-шарттағы бір реттік төлем мен тәулік ақысы төленбегеніне шағымданған болатын.

Чувашия басшысы Олег Николаевтың 11 шілдеде қол қойған жарлығына сәйкес, 50 мың рубль келісім-шарт жасалған сәтте төленіп, қалғаны үш айдан соң жолдануы тиіс.

Жауынгерлер үндеуінде бір реттік төлем, екі мың рубль көлеміндегі тәулік ақысы да төленбегені айтылған.


Ресей аймақтарында еріктілерден тұратын батальондар 2022 жылдың көктемінде жасақтала бастады. Содан бері Мәскеу, Шешенстан, Татарстан, Башқұртстан, Пермь өлкесі, Киров және Нижегородск облыстарының батальондары пайда болды. Еріктілер Қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отырады.

Еріктілер қабылдау "астыртын мобилизацияның" бір түріне айналды. Оны әскери комиссариаттар ғана емес, "Вагнер" секілді жекеменшік әскери компаниялар да ұйымдастырып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости