Онда Пентагонның басты басымдығы болып келген халықаралық терроризмге қарсы күреске 69 миллиард, ядролық арсеналды модернизациялауға 22 миллиард және 77 жаңа соғыс F-35 ұшағын алуға 7,6 миллиард доллар қарастырылған.
Пентагонның жаңа бюджеті АҚШ-тың Ресеймен әскери қарым-қатынасын шектейді. Атап айтқанда, Ресей Ашық аспан туралы келісімде көрсетілген барлық шарттарды орындағанын дәлелдемейінше, келісімде көрсетілген барлық байланыстар тоқтатылады. Бұл келісімге НАТО-ға мүше мемлекеттер мен бұрынғы Варшава келісіміндегі мемлекеттер 1992 жылы қол қойған. Келісімнің мақсаты – бір-бірлерінің аумағында ұшуға мүмкіндік беру.
АҚШ-тың жаңа әскери бюджетінде Қырымның Ресейге қосылғанын тануға алып келуі мүмкін болған әрекеттерге ақша бөлінуге тыйым салынады. Керісінше, құжат "Ресейдің Еуропаға агрессиясына" қарсы тұру үшін, Украина мен НАТО-ның әріптестеріне әскери көмек көрсету қарастырылған.
Құжат Трамп әкімшілігін 90 күн ішінде Конгресстің екі палатасына Ресейдің пайдасына тыңшылық жасаған азаматтардың тізімін беруге міндеттейді. Кейін оларға қарсы санкция қарастырылуы мүмкін.
Бұл жолғы бюджет – Вьетнам соғысының ардагері, сенатор Жон Маккейннің атымен аталды. Маккейн мен Трамп – саяси қарсыластар. Маккейн бүгінде ми қатерлі ісігімен ауырады. Трамп құжатқа қол қою сәтінде сенатордың есімін бірде-бір аузына алмады.
«ҚмД» ақпарат