Елорданың атауын өзгерту: Тоқаев шешім қабылдады

Dalanews 13 сент. 2022 09:35 919

“Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар.

Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді”, – делінген Желдібайдың жазбасында.

Сондай-ақ, ол президенттің Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайтынын айтты.

Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс, деп жазды ол. 


Айта кетсек, мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырған болатын.

“Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді”, – деген болатын депутаттар.

https://dalanews.kz/news/81303-duniening-dinggeni-din

https://dalanews.kz/news/81195-konstituciialyq-sot-bolashaqta-prezid

https://dalanews.kz/kogam/81206-amanat-partiiasynyng-40-kundik-auyl-amanaty

Рекомендовать
Последние новости